ГлавнаяРегистрацияВход БУРЛИНСКАЯ CЕЛЬСКАЯ МОДЕЛЬНАЯ БИБЛИОТЕКА Среда, 24.04.2024, 13:25
  Бөрлі ауылының географиясы Приветствую Вас Гость | RSS

 
 

Бөрлі ауылының географиясы.

         Бөрлі ауылдық округі Бөрлі ауданының солтүстік бөлігінде орналасқан. Бөрлі ауылы арасы қатты асфальтті қабаты бар жолдармен байланысатын  облыс орталығы Орал қаласынан 100 шақырым, аудан орталығы – Ақсай қаласынан 36 шақырым қашықтықта орналасқан. Аймақтың көлемі 2192 га.құрайды. 

  Ауылдың жер бедері Жайық өзеніне қарай қиялау төмен түсетін  көтеріңкі адыр – бұдырлы  жазықтық. Жайық өзенінің алқабындағы орташа айлық температура 2 градусқа төмен болып, қарлы қабат 10 күнге кеш ериді.     Жер бедері  атмосфералық жауын – шашын мен күн сәулесінің бөлініп жайласуы  арқылы топырақтың  қалыптасуына әсер етеді. Әр түрлі климатты қалыптастырады.   Бөрлі ауылының климаты континенталды, құрғақшыл. Жауын – шашынның орта жылдық мөлшері  240 миллиметрді құрайды. Жаз мезгілі 3 айға созылады. Ең жылы болып маусым, шілде, тамыз айлары саналады.  Жазғы ауа – райы ыстық болып, шілде айындағы температураның шарықтау шамасы +450 C немесе одан да жоғары болады.  Қыс мезгілі  4 – 5 айға созылады. Ең суық айлар болып желтоқсан, қаңтар, ақпан саналады. Қысы қатты, желді, көп жағдайларда аязды болып келеді.Температура  - 400C дейін төмендейді. Көктем мен күз мезгілдері қысқа болады. Ең соңғы көктемгі суық ұру маусым айының алғашқы онкүндігінде, ал алғашқы күзгі қатқақ – тамыз айының аяғында  байқалуы ықтимал.  Кей жылдары аязсыз кезеңдер аталған көрсеткіштерден ауытқуы да мүмкін. Белгіленген аймақта басымдық алған  жел бағыттары шығыс және солтүстік – шығыс, қыс мезгілінде оңтүстік – батыстан, жазда – батыстан және оңтүстік шығыстан соғатын жел. Желдің орташа жылдамдығы 20 м/сек.жетеді. Желдің күшеюі күз және қыс мезгәлдерінде байқалады.   

Ауыл аймағындағы топырақ жамылғысы біркелкі емес. Климаттың, өсімдік және жануарлар дүниесінің  ерекшелігі, аймақтық жер бедеріне байланысты топырақ құрамына кіретін грунт түрлерінің беткі ылғалданылуы уақыт өте бара топырақтың  табиғи жолмен өзгеруіне әкеліп соғады.   Ауыл аймағында топырақтың келесі түрлері анықталған: а) қара-талшынды, б) қоңыр – талшынды, в) далалық сортаңдар, г) шабындық қатарындағы топырақ.

Өсімдіктер топырақ құрамының қалыптасуына тікелей әсер ететін фактор болып табылады. Осы тығыз байланыстың нәтижесінде топырақ құрамы мен өсімдік дүниесі үнемі өзгерістерге ұшырап, бірін – бірі толоықтырып отырады.  Ауылдық округ аймағынан 4 өзен өтеді: Жайық, Утва, Бурла, Еловатка. Каспий  теңізіне Жайық суы құйылады. Жайықтың саласы болып  Утва, Бурла, Еловатка өзендері саналады. Өзендердегі су тұщы. Ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету жеке меншік құдықтар арқылы жүзеге асырылады. Құдық суы 7 – 33 м.тереңдіктен алынады. Көбінесе су тұщы, кей жерлерде ащы – тұзды дәмі бар.   

Утва, Бурла, Елаватка өзендерінің суы аз, дегенмен, жазғытұрым өзеннің сағаларында мал азығын шөпті дайындауға қолайлы тым тәуір шығнақ шабындықтар пайда болады.

        Жайық өзенінің жайылмасында орманды тал өсімдіктері көптеп кездеседі. Жергілікті орман алқаптарында емен, қарағаш, терек, ақ қайың, кей жерлерде құлмақ өседі.

Далалық өсімдіктер арасында көбінесе кездесетін жусан, бидайлық шөп, ақ селеу. Дәрілік шөптер де кездеседі: ешкіжапырақ, бүршікгүл (халықтық), долана, итошаған (өзен жағалауларында), итшомырт, итмұрын. Азықтық өсімдіктер қатарында бүлдірген, мойыл, қарақат, шәңкіш, долана кездеседі.

Бөрлі аймағында суда жүретін құстар түрлері де көптеп кездеседі: үйрек, қаз. Суаттарда су егеуқұйрығы көптеп тараған. Жайықтың ірі ескі арналарында кәмшат кездеседі. Кең таралған дала жануары – ақ қоян.

Жыртқыш аңдардан кездесетіндер: қасқыр, түлкі, ақ тышқан, ал көбінесе ашық жазықтарда қарсақ, дала күзені, борсықтар.   Жайық өзенінің жайылма ормандарында орман сусары мен құндызды кездестіруге болады.  Аша тұяқтылардан Бөрлі ауылының аймағында Жайық өзенінің жайылмасы мен көлдердің ну тоғайларын мекендейтін  жабайы қабан кездеседі.

Ескі ағаштардың қуыстарында қараторғай мен қара қарғалардың ұялары көптеп орналасқан. Жыртықш құстардан далада кездесетін бүркіт, Жайық өзенінің жайылмасында кезқұйрық (қарақұс), тауық тұқымдастардан – құр. Орман алқаптарында ұсақ үкі, ауылдың шеткі аудандарында – сасықкөкек кездеседі. Аймақта кездесетін барлық құстардың табиғатқа әкелер пайдасы зор. Зиянкес жәндіктерден орман алқаптарын, бау – бақшаларды қорғайды.

Балықтар әлемі ерекше бай және алуан түрлі болып келеді. Балықтар өзен – көлдерде кездеседі. Су айдындарының бетінде тұңғиық өсімдігі өсетін жерлерде, көбінесе, шортан, табан балық, қара балық, алабұға кездеседі. Жайық  өзенінде жайын, көксерке, сазан, ақмарқа, табан, лақа балық кездеседі.

   

Бөрлі ауылының топонимикасы

    Ауданның алғашқы әкімшілік орталығы – Бөрлі ауылы 1700 жылы Утва, Бурла, Жайық өзендерінің қосылысқан жерінде пайда болды. Бұл мекен Табын, Тама, Байұлы, Байбақты  жеті ру – тайпадан тараған көшпелі қазақтардың қыстауға қонатын сүйікті жерлерінің бірі болатын. Осыған дәлел ретінде сақталған тарихи деректер сыр шертеді. Дәл осы мекенде сауда – саттық күндері апта сайын өткізілетін. Орал өлкетанушылары К.Данилевский мен Е.Рудницкийлердің 1927 жылы жасаған пайымдауларынша «Бурлин» атауының өзі – ақ түркі тіліндегі «бөрі» \қасқыр\ мағынасындағы сөзден пайда болған деседі. Яғни «бөрілі мекен». Шын мәнінде, тың игеру жылдарына дейін осы мекендерде қасқырлар көптеп кездескен.     

     Бөрлі ауылының шежіренамасында қазан төңкерісіне дейін Бөрлі ауылы Николаевск деп аталып келген. Революцияға дейін Бөрліде 400 үй болды. Кейін бұл жерге орыстар, украиндар, татарлар көшіп келді. ХХ ғасырдың басында көшпелі халықтар, соның ішінде Украина мен Ресейдің орталық губернияларынан көшіп – қонып келетіндер осы жаққа бет алған. Жергілікті тілдегі Бөрлі атауы  бірер уақыттан соң «Бурлинский базар» дегенге өзгере бастады. Енді бір нұсқа бойынша, «Бөрлі» атауы орыс тіліндегі «бурлить» \асып – төгілу, қайнау\ мағынасындағы «бурли» сөзінен пайда болған деседі. Жергілікті өзендердің бірі – Бурла күні бүгінге дейін өз атауын сақтап қалды.

 

 

 
 
Вход на сайт

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

 

Бөрлі кітапхана © 2024
Бесплатный хостинг uCoz