ГлавнаяРегистрацияВход БУРЛИНСКАЯ CЕЛЬСКАЯ МОДЕЛЬНАЯ БИБЛИОТЕКА Пятница, 19.04.2024, 02:00
  История библиотеки Приветствую Вас Гость | RSS

 
 

БӨРЛІ АУЫЛЫ ТАРИХЫ

 

       Облыс орталығынан 100 км және аудан орталығынан 36 км қашықтықта орналасқан Бөрлі селолық округінің жалпы көлемі 2192 гектарды құрайды.

    ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Бөрлі жерінде тек қазақтар мекендеген. Бурла өзенінің бойындағы жатаған үйлер мен лашықтардың арасында сол өңірдің ханы Марғамбет Әнбасаровтың жалғыз ағаш үйі көрініп тұратын.

      Революция алдында Бөрліде 400 үй болды, Бөрлі болысындағы ірі кент болып саналды. Онда қазақтар, орыстар, украиндеар, татарлар тұрды, олардың көпшілігінің дүкендері мен сауда нүктелері болды. Олар жүздеген шақырымға мал айдап апарып сатты.

      1917 жылы аяғы Орал облысы үшін өте қауіпті болды. Кеңес өкіметі қиын кезеңде ауыр күрес жолымен орнады. Бөрлі селолық кеңесінің бірінші председателі батрак Петр Логинович Дуюнов болды.

      1924 жылы «Гигант» ұжымшары құрылды, оның құрамына Бөрлі, Қанай, Утвинка, Куйбышев, Ақырап, Карл Маркс кенттері кірді. Ұжымдар өндірісін ұйымдастырушылардың бірі В.П.Лемешко болды.

     1935 жылдың 31 қаңтарында КАЗЦИК Батыс Қазақстан облысның құрамындағы Бөрлі ауданының құрылғандығы жөніндегі Қаулысын бекітті. Оның орталығы Бөрлі ауылы болды.

      Азамат соғысы, Ұлы Отан соғысы жылдарын да бөрліліктер бастан кешірді.

    1924 жылы Бөрлі мектебі жетіжылдық,1929 жылы ауылшаруашылық мамандықтарына оқитын Колхоз жастары мектебі болып қайта құрылды. Алғашқы директоры болып С.Т.Кузнецов тағайындалды.Бөрлі орта мектебінен 1941-2003 жылдар аралығында 2220 оқушы түлеп ұшқан.

     Бөрлі аудан оталығы болып тұрғанда, мұнда Пионерлер үйі (А.У.Укасов) жұмыс жасады. Орал ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумының тарихы 1952 жылдан басталады. Күні бүгінге дейін 15000 маман даярлап шығарған. Алғашқы директоры Джумашев Б.К., одан кейін Попов и.ф., Кравченко А.Ф., Борников М.А., т.б. болды. Қазіргі таңда колледждің директоры болып М.Ж.Өтемұратов қызмет атқаруда.

   2015 жылдың 01 қаңтарының жағдайы бойынша ауылдық округ халқының саны  3896 жанды құрайды, үйлер саны 1112. Ұлттың құрамы: қазақтар - 2255, орыстар - 1161, украиндар - 265, белорусстар - 85, татарлар - 77, қалған ұлт өкілдері - 53.

Округте қазақ және орыс тілдерінде  жалпы білім беретін 2 мектеп қызмет жасайды. Білім алушылар саны 611; Бөрлі ауылшаруашылық коллледжінде күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде 640 білім алушы; «Орман және жануарлар дүниесін қорғау» Мемлекеттік мекемесі; жалпы типтегі қарттар мен мүгедектерге арналған 50 орындық интернат үй; ауылдық дәрігерлік амбулатория; мектеп жанындағы 100 орындық интернат; 50 орындық балабақша; Мәдениет үйі; кітапхана; №9 өрт сөндіру бөлімі. Ұзын саны 11 мемлекеттік мекемелерде қызмет жасайтын бөрліліктер  505 адам.

Тіркеуге 3 ЖШС, 12 шаруашлық қожалықтары, 30 жеке кәсіпкерлер алынды. 3 ЖШС, 7 ШҚ, 28 ЖК қызмет жасайды.

Жеке меншік аула бойынша жүргізілген мал – құс санағының мәліметтері бойынша ЖШС, ШҚ, ЖК, округ тұрғындардың жеке шаруашылықтарында 1420 бас ірі қара, 1601 ұсақ мал, 293 бас жылқы, 71 доңыз, 2599 бас құс тіркелген.

Бөрлі ауылында әмбебап аралас  тауарларды, құрылыс материалдарын, ет – сүт өнімдерін т.с.с. сатуға бағытталған 4 дүкен қызмет жасайды. Ағашты өңдеу цехы, жол бойындағы кафе, мал сою алаңы,көбіктібетонды блок өндірілетін шағын цех өз өнімдерін жергілікті халыққа ұсынады.

Жеке меншік тұрғын үйлердің 91 % газбен жабдықталған. Сандық автоматтандырылған телефонды стансасы арқылы 1088 абонент байланыспен қамтылған. Ұялы байланыстың  4 қабылдағышы орнатылған (Билайн, Kcell, Теле-2, Актив).

 

 

 
 
Вход на сайт

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

 

Бөрлі кітапхана © 2024
Бесплатный хостинг uCoz