ГлавнаяРегистрацияВход БУРЛИНСКАЯ CЕЛЬСКАЯ МОДЕЛЬНАЯ БИБЛИОТЕКА Пятница, 03.05.2024, 00:42
  Бөрлі ауылдық кітапхана тарихы Приветствую Вас Гость | RSS

 
 

Бөрлі ауылдық модельді кітапхана тарихынан

 

                     Бөрлі ауылының көрікті жерлерінің бірінде, Орталық бақтың бұрыш жағында жарты ғасырдан астам уақыттан бері, дәлірек айтсақ, 56 жылдан бері, көпшілікке таныс үй орын тепкен. Зымырап өтіп бара жатқан уақыт, мезгіл – мезгіл сайын ауысатын ауа – райы, терезелерінен тамшылап сыбырлайтын жаңбыр, жапалақтап жауатын ұлпа қар – барлығы да өмір өзені асау ағысының белгілері.  

    Кітапхана тарихы сонау ХХ ғасырдың 30 – шы жылдарынан бастау алған. Бүгінде замануи кітапхана бастапқы уақытта сырты майланған шағын ғана жер үй болатын.

    Соғыстан кейінгі жылдары кітапхана ғимараты Чапаев көшесінің бойында орналасқан. Жауапты істі қолға алған соғыс ардагері, мүгедек бөрлілік азамат Бровко болатын 1950 жылдың басында кітапхананың қоры 5000 дананы құрады, бүгінде – 29105 дана, соның ішінде мемелкеттік тілдегі – 4773 дана. 1952 жылы кітапхана ісін өз қолына Валентина Сергеевна Журавлева алды. Кітапханашы, аудандық кітапхананың меңгерушісі, ауылдық бөлімшесінің меңгерушісі бүгінде зейнет демалысында. Валентина Сергеевна – Бөрлі  ауылының құрметті тұрғыны. Саналы өмірінің 40 жылдан астам уақытын кітапхана ісіне арнаған.  Кезінде Н.К.Крупская, қазіргі уақытта Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана В.С.Журавлеваның тәжірибесін жинақтап, сырттай оқырман конференцияларын өткізу бағытындағы жұмыс тәжірибесін бірнеше рет аталмыш салада таратқан болатын.   

1977 жылы кітап қоры 20000 данаға жетті. В.С.Журавлева алғашқылардың бірі болып, кітапхана жүйесін орталықтандыру науханында үлкен қорды жаңартылған ББК жүйесіне көшірген болатын. Көп жылдар бойы Валентина Сергеевна жергілікті радиода авторлық бағдарламаларын жүргізіп отырды. Өз ісін 80-шы жылдары ол жас кітапханашы Жандосова Тойдық  Киянқызына аманаттап тапсырды.радиобағдарламалардың меймандары қатарында аудандық ауыл шаруашылығының майталман қызметкерлері  Сукиров С. Х., Серазутдинов Р.А., дәрігер Хабибулина Р. Г., орман шаруашылығының жұмыскерлері Бородаев А.Д., Федотовская, Шевченко С. Л. болды. Ақпарат таратудың ең көп тараған түрі – радио арқылы бөрліліктер ең алған рет жергілікті ақын, Ұлы Отан соғысының ардагері М.И.Шепельдің өлең – жырларын естіген болатын.    

     Қазіргі кезде ақындықтың сыршыл әлемінде шығармашылықпен айналысатын, оқырмандары мен тыңдармандарын өлең жолдарымен баурап алатын Бөрлі ауылшаруашылық колледжінің оқытушысы Н.Н.Швецова өз туындыларын жергілікті газет беттерінде жариялап отырады.  Надежда Николаевна кітапханада ұйымдастырылатын көптеген кештердің, әдеби оқу байқауларының қадірлі меймандары қатарында. 

     Кітапхана қызметінде жастардың әскери – патриоттық тәрбиесіне зор көңіл бөлінеді. Жақсы да, игі дәстүрге айналған іс – шаралар қатарында соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесулерді атауға болады. Бетпе – бет өтетін осындай кездесулер барысында ұрпақтар өкілдері бір – біріне өткеннің сырын шертіп, үлкен үміт – арманмен болашаққа қарайды. Пікір  алмасу, ой бөлісу түрінде өтетін осы кештер кітап көрмелері мен әдеби шолулармен әрлене түседі.   Әр жылдары кітапхананың қадірлі меймандары болған соғыс ардагерлері даңқты азаматтар  Ковалев А. Л., Хасенов А. А., Стороженко И., Белый П. С., көзі тірі Рублевский И. Г., Ланцев В. А., Шепель   М.И. Көздің қарашығындай Отанын қорғауға, азат етуге тілектерін білдіретін соғыс ардагерлері жас ұрпаққа бейбіт заманды аманат етеді.

           Кітапхананың жылыту жүйесі ошақ қазандық болатын. Кітапхана қызметкерлері қыс мезгілінің әр жұмыс күнін оқырмандарға жайлы орта қалыптастыру, жылы бөлмелер жайын, отын ағаш пен көмірмен қамтамасыз етілуін ойлаудан бастайтын болған. 2006 жылы кітапхананың жылыту жүйесінің жөндеуі өткізілді.  

     Қазіргі кезде кітапхана жөндеуден өткізілген, заманауи ғимаратта орналасқан. Оқырмандарға жайлы, ыңғайлы орта жасалған. Құшағын кеңге жайған Бөрлі ауылының түкпір – түкпірінен, шет – шетінен кітапханаға әр жастағы оқырмандар ағылып келіп жатады. Кітапхана ішінде, оқырман қалауы бойынша, саяхаттап, абонементпен танысып, оқырман залына жайғасып, терең әлемге енуге әбден болады. Заманға сай жабдықталған кітапханада интернет желісіне қосылған компьютер, мерзімдік басылымдар жаңартылатын стеллаж, анықтамалқ әдебиеттер ұсынылады. Кітапхананың заманауи табақтардан құралған өз медиатекасы да бар.

   «Бөрлі классиктерді оқиды» атты бағдарламасы бойынша кітапханада ауқымды шаралар өткізіледі. Әрине, ең басты мақсат – әр бөрлілікті қазақ, орыс, әлемдік әдебиет жұлдыздарымен, олардың туындыларымен тереңірек  таныстыру болып табылады. Аталмыш шаралар Бөрлі ЖОББ мектептерінің, ауылшаруащылық колледжінің оқытушылары мен студенттерінің, мәдениет саласы қызметкерлерінің қатысуымен өткізіледі. 

     Кітапхана қызметкерлері медициналық – әлеуметтік мекемесінің қамқоршылыққа алынған жандарымен де жеке жұмыс жүргізіп, жаңа әдебиетпен қамтамасыз етіп отырады.

        Кітапхана шежіресінің тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі – 2015 жылдың 25 ақпан күні салтанатты түрде өткізілген Бөрлі орталықтандырылған кітапхана жүйесінің модельді кітапханасының ашылуы.

         Бүгінгі таңда кітапхана меңгерушісі И.Г.Буянкина. Кітапхананың кітап қоры 29 305 дана, қазақ тілінде 4773 дана.Кітапхана негізінен ауыл тұрғындарының сұраныстарын қанағаттандыра отырып, өлкетану, Қазақстандық әдебиеттерді насихаттау барысында әр алуан жұмыстар істелінуде.Кітапхана мақтанышы «Бүкіл әлемдік әдебиет», «Дүниежүзілік балалар әдебиеті» және белгілі жерлес, жазушы Н.Ф.Корсуновтың қолтаңбаларымен сыйлаған кітаптары. Бөрлі кітапханасында Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, белгілі адамдармен кездесу кештері жиі өткізіліп тұрады. Осындай отансүйгіштікке баулитын іс-шараларды өткізе отырып, кітапханашылар осы тақырыптардағы әдебиеттерді де дер кезінде насихаттап отыр.

 

 
 
Вход на сайт

Календарь
«  Май 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

 

Бөрлі кітапхана © 2024
Бесплатный хостинг uCoz