ГлавнаяРегистрацияВход БУРЛИНСКАЯ CЕЛЬСКАЯ МОДЕЛЬНАЯ БИБЛИОТЕКА Четверг, 25.04.2024, 16:41
  Колледж тарихы Приветствую Вас Гость | RSS

 
 

Ауылшаруашылық колледжі: қалыптасу және даму тарихы

 

 

Қазақстан Республикасының білім және гылым министрлігі

Батыс-Қазақстан областық білім департаменті

"Ауылшаруашылық колледж"МКҚК

 

 

 

 

Ауылшаруашылық колледж”

Мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорыны

 

 

қалыптасу және даму тарихы

 

 

Адамзаттың өндіріс саласын күрделі түрде кеңейтуіне , білім берудің қарқынды дамуы – 21 ғасырдағы өркениетті дамудың басты факторы болып саналады. Сондықтан да білім беру Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» халыққа жолдауындағы ұзақ мерзімді стратегиялық басымдылықтың біреуі болып белгіленіп отыр.

Тың жерді игеру дәуірінде бірқатар облыстарда ауылшаруашылық кадрларының қажеттілігі туындады.1950 жылдың желтоқсанында Ақтөбе облысы мен Батыс Қазқстан облысы үшін ауылшаруашылығын механизациялау техникумын ашуға шешім қабылдады. Сондықтан да КСРО Министрлер Кеңесінің 1950 жылғы 15.12 тәртібімен және 1952 жылғы 27.09 №4943 қаулысымен Орал ауылшаруашылығын механизациялау техникумы 1952-1953 оқу жылына 120 адам қабылдануымен, ашылды. Техникум малшаруашылық фермалары үшін техник-механик және техник –электрик мамандықтарын даярлауды бастады. Техникумның алғашқы директоры болып Фомин Петр Семенович тағайындалды, 1957 жылы оны Кульпин Павел Иванович ауыстырды. Олар аз мерзімнің ішінде оқу-қосымша бөлмелерді дайындау, талапкерлерді қабылдау, оқытушыларды, әкімшілік, оқыту-қосымша кадрларын дайындау сияқты үлкен ұйымдастыру жұмысын атқарды.

1958 жылы Саратов ауылшаруашылық институтын бітіріп, арнайы пәндерден сабақ беретін оқытушы Джумашев Баян Құттыжолұлы келді. 1960 жылы оны техникумға директор етіп тағайындады. Оның жұмыс қабілетінің зорлығымен , болашақты көрегендікпен көре білуімен және адамдарды айыра білуінің арқасында техникумда біртұтас тату ұжым құра білді.

Бөрліге келіп зейнеткерлікке шыққанша осы ұжымда табысты, белсенді түрде жұмыс жасап, жастарды оқыту мен тәрбиелеу барысында еңбек еткен оқытушылар: Савкина А.Т., Дунаева М.Б.Любавина Т.А, Любавин б.П. т.б. Олар осы техникумның қалыптасуына ат салысқан оқытушылар.

Техникумды көшіргендегі орынын таңдау техникум директоры Джумашев Б.К. ұсынылды. Ол Зеленов ауданындағы Переметное ауылы емес Бөрлі ауылын таңдады , сонымен 1963 жылдың жаңа оқу жылы Бөрлі ауылында басталды.

Жоғарғы курс оқушылары өндірістік сараманға колхоздарға барды. Кейінірек техникумда механизацияланған оқушылар мен оқытушылардан отряд құрылып, өз комбайндарымен егін жинауға шықты.

1967 жылы 2032 га жері бар оқу–тәжірибе шаруашылығы ұйымдастырылды. Бұл бидай, әр түрлі дақылдар егуге бақша және мал шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік берді.

1972 жылы техникумды жаңа директор Кравченко Александр Филипович басқарды. Ол техникумды 1987 жылға дейін басқарды.Осы жылдарда техникум болашағынан үміт күттіретін жас оқытушылармен толықтырылды, техникумның материалдық базасы жетілдірілді, оқытушылардың тұрмыстық жағдайы жақсарды. Оқу корпусы, екі тұрғын үй, 360 орындық жатақхана, жаңа кітапхана, спорт залы, дәмхана орналасатын қоғамдық-тұрмыстық ғимарат салынды. Құрал жабдықтарды жаңғырту жолында үлкен жұмыс атқарылды.Телефон желілері тартылды.

Жаңа техника мен ауылшаруашылық өндірісін зерттеу мақсатында әр түрлі бағыттағы өндіріскерлердің біліктілігін арттыру мектебі ашылды.

Пед.ұжым әрқашан сабақтың әдістемелік деңгейін жетілдіріп, Орал, Ақтөбе, Гурьев және Қызылорда облыстары аймағындағы базалық техникум мәртебесін алды.

Оқушылардың мәдени –бұқаралық шараларын ұйымдастыруға:

  • қоғамдық мамандықтардың факультатив сабақтары;

  • көркем өнерпаздар үйірмесі кірді.

       Техникум жастарға білім берумен қатар ауылдың барлық шараларына ат салысады, ардагерлер кеңесінің өткізетін шаралары да техникум қызметкерлерінің қатысуымен өтеді. Бұған соғыс және еңбек даңқы мұражайының материалдары көмекке келеді.

    1956 жылдың тамызында «Ауылшаруашылығын механизациалау» мамандары алғашқы рет шығарылды. Ауылшаруашылық аймағы 99 кәсіби маманды иеленді.

     1984 жылы жаңа типтегі оқу -әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді.1992 жылы техникум өзінің 40 жылдығы қарсаңында 13652 жоғары білікті ауылшаруашылық мамандарын шығарды.

     1997 жылы Орал ауылшаруашылығын механизациалау техникумы жаңа мәртебе алды. 1997 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының негізінде Орал ауылшаруашылығын механизациалау техникумы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі болып өзгертілді.(заңды тұлғалардың мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі 1309-1926-У 1997 21 маусым)

     1999 жылдан колледж әдеттегі ауылшаруашылығы мамандарын және «Мұнай мен газды қайта өңдеу», «Қаржы», «Жылу беру жүйесі мен жылу техникалық құралдарды пайдалану» жаңа мамандықтарын дайындай бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
Вход на сайт

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

 

Бөрлі кітапхана © 2024
Бесплатный хостинг uCoz