ГлавнаяРегистрацияВход БУРЛИНСКАЯ CЕЛЬСКАЯ МОДЕЛЬНАЯ БИБЛИОТЕКА Пятница, 17.05.2024, 13:58
  Каталог статей Приветствую Вас Гость | RSS

 
 
Главная » Статьи » Мои статьи

Ғабит Мүсіреповтың "Ана" әңгімесін талқылады

        14 наурыз күні Бөрлі ауылдық модельді кітапханасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кабиев М.С. қатысумен 8 – сынып оқушыларымен Ғабит Мүсіреповтың «Ана» әңгімесін талқылады. Кітапхана меңгерушісі Буянкина И.Г. оқушыларды қарсы алып, Ғ.Мүсіреповтың шығармашылығымен таныстырып өтті. Шараға байланысты «Дәлді сөздің шебері» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ұлы жазушының кітаптары қойылды. Көрмеге кітапханашы Уварова Т.М. көңіл аударды. Бұл Көрмеге В.Михайловтың «Великий джут» кітабы қойылды. Бұл кітапта Ғ.Мүсіреповтың өз халқын аштықтан сақтау үшін жасалған іс-әрекеттері туралы жазылған. Совет үкіметі кезінде осындай әрекетке тек батыл адам ғана бара алатын еді, бұл - Ғ.Мүсірепов. Ғ.Мүсірепов сол кезде өзінің ержүректігін көрсете білді.

        Ғ.Мүсірепов 40 жылдың ішінде үш роман «Солдат из Казахстана», «Пробужденный край», «Улпан ее имя», 10 – ға жуық повесть пен пьсса, 40 шақты әңгімелер жазды. Оқушылар жазушының «Ана» әңгімесін күні бұрын оқып, кітапханада Кабиев М.С. бірге талқылады. Бұл әңгімеде ана кейпіндегі қазақ әйелінің мінезі баяндалады. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, өз ойларын ашық жеткізе білді. Олар өмірде аналар мен әжедерді, барша әйел адамзатын құрметтеп, көңіл бөліп, жақсы қарым-қатынаста болу жөнінде ой бөлісті.

Категория: Мои статьи | Добавил: ЦБС (06.04.2017)
Просмотров: 293 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
 
 
Категории раздела
Мои статьи [65]

Вход на сайт

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

 

Бөрлі кітапхана © 2024
Бесплатный хостинг uCoz