ГлавнаяРегистрацияВход БУРЛИНСКАЯ CЕЛЬСКАЯ МОДЕЛЬНАЯ БИБЛИОТЕКА Пятница, 17.05.2024, 10:29
  Каталог статей Приветствую Вас Гость | RSS

 
 
Главная » Статьи » Мои статьи

"Соғыс тақырыбындағы кітаптарды оқимыз"

       

     5 мамырында Бөрлі ауылдық модельді кітапханасында «Соғыс тақырыбындағы кітаптарды оқимыз» атты акциясы өткізілді. Шараға Бөрлі ЖОББМ 4 сынып оқушылары мен жетекшісі Горбачева Л.Е.қатыстырылды. Акцияны алғы сөзбен ашқан кітапхана меңгерушісі Буянкина И.Г. балаларға 9 мамыр – Жеңіс Күні мерекесінің қазақстандық халық үшін қаншалықты қасиетті мереке екені туралы айтты.  70 жылдан бері бейбіт аспан астында тіршілік етіп келе жатқан халықтар бұл атаулы оқиғаның қастерлі екенін мәңгі есте сақтауы қажет. Бейбітшілік – барша адамзатқа ғұмыр кешуге қажет дүние. Сұрапыл Ұлы Отан соғысының қасіреті туралы қазіргі ұрпақ әдеби, кинотуындылар арқылы ғана біледі.  Соғысты болдырмау, оның алдын алу – әрбір саналы адамның борышы. Акция әдеби оқумен жалғасты. Балалар С. Алексеевтің «Соғыс туралы әңгімелер» кітабынан шығармаларды дауыстап оқыды: «Тұңғыш колонна», «Мерекелік түскі ас», «Барып та көрдік...» әңгімелері қамтылды. Содан кейін оқушылар Маслов К., Чувелев С.,Охотный Г. «Үш танкіші\ Три танкиста» әнін орындап, Мсрян А., Ковтун Т.,  Кисель А., Хасан А. Ұлы Жеңіс тақырыбындағы өлеңдерді мәнерлеп оқыды.

        Соғыс тақырыбындағы дайындалған суреттер көрмесіндегі  балалардың туындылары тамашаланды. Үздік деп танылған суреттердің туындыгерлері   Маслов К., Бабенко А., Миргалиева М. және барша қатысушы балаларға тәттілер ұсынылды. Шара соңында кітапханашы Уварова Т. М. акцияға қатысушыларды «Ұлы жеңіске мың тағзым» атты кітап көрмесімен таныстырды.

 

Категория: Мои статьи | Добавил: ЦБС (20.05.2015)
Просмотров: 508 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
 
 
Категории раздела
Мои статьи [65]

Вход на сайт

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

 

Бөрлі кітапхана © 2024
Бесплатный хостинг uCoz