2 наурыз күні Бөрлі ауылдық модельді кітапханасында Қазақстан Республикасының күнтізбесіне биылдан енгізілген атаулы күн – қазақстандық халықтардың Алғыс білдіру Күніне орайластырылып кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге қатысуға ниет танытқан Бөрлі жалпы білім беретін орыс мектебінің 3 сынып оқушыларына жетекшілік жасаған сынып жетекшісі Матевеева В. М., ауылдың тұрғыны Салимгереева С.М. шараны алғы сөзбен ашқан кітапхана меңгерушісі Буянкина И.Г. оқырмандар мен кітапхана меймандарына шараның өзектілігі мен маңыздылығына тоқталды. Бұл атаулы күн елімізде тұңғыш рет тойланған, ал оның бастамасын қолға алған Елбасы Н.Ә.Назарбаев еншісінде. Қазақстан Халқы Ассамблеясын құру идеясы тәріздес Алғыс білдіру Күні де елімізді мекендеген жүздеген өзге халықтардың қазақтарға тарихи тұрғыдан адами алғыс айту ниетінен туындаған.
Кездесу барасында балалар асқан көркем шеберлікпен халықтар достығы тақырыбындағы ән – жырларын, өлең – дастандарын оқып, баршаның ризашылығына бөленді. Бөрлі аулдық модельді кітапханасының кітапханашысы Уварова Т.М. балалармен «Керемет», «Мақалды жалғастыр» сияқты жаттығу ойындарын өткізді.
Кездесу барысында бағдарлама мейманы Салимгереева С. М. жиналған оқырмандарға өз басынан кешірген Қазақстанға келу оқиғасын баяндап берді. Апай бүлдіршіндерге жақсы білім алуға, ұлт пен нәсілге, тілі мен дініне қарамастан тату болуға үндеп, ізгі тілектерін білдірді. Тәрбиелік мәні зор әңгіменің ұйытқысы бола білген Салимгереева С.М. кітапхана қызметкерлері тарапынан алғыс білдіріліп, естелік сыйлық табысталды.
|