ГлавнаяРегистрацияВход БУРЛИНСКАЯ CЕЛЬСКАЯ МОДЕЛЬНАЯ БИБЛИОТЕКА Пятница, 17.05.2024, 12:40
  Каталог статей Приветствую Вас Гость | RSS

 
 
Главная » Статьи » Мои статьи

"Астана - әсем қала"

     4 шілде күні Бөрлі ауылдық модельді кітапханасы «Астана – әсем қала» тақырыбындағы ауызша журналын өткізді.

 Мақсаты: оқушыларды әсем қаламыз Астанамен таныстыру, Елорда туралы білімдерін толықтыру; еліне деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту; туған жерін сүйе білуге, Отанымызды өркендетуге білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу.

Шараға қатысқан қазақ және орыс ЖОББМ оқушылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындап, шараның салтанатты түрде ашылуын тамашалады үш маңызды парақтан тұратын ауызша журнал: Астана кеше мен бүгін, Астана – Бас қала (өлеңдер),  «Астана» сөзжұмбақ деп аталды. Балалар Астанаға арналған өлеңдерді оқып, мерекенің шырайын келтірді. Шараның тізгіншілері, Бөрлі негізгі қазақ мектебінің 8 сынып оқушылары Балписова Камажай мен Тоқпанова Құттықыз бағдарламаның сәнін келтірді. Кітапханашылар «Мой родной город Астана» бейнероллик мен «Астана – елімнің жүрегі» слайдтар дайындап, оқырмандарға ұсынды.

Категория: Мои статьи | Добавил: ЦБС (09.07.2015)
Просмотров: 315 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
 
 
Категории раздела
Мои статьи [65]

Вход на сайт

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

 

Бөрлі кітапхана © 2024
Бесплатный хостинг uCoz