27 тамыз күні Бөрлі ауылдық модельді кітапханасының кітапханашылары «Жалпы үлгідегі мүгедектер мен қарттарға арналған медициналық – әлеуметтік мекемесінде» Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай өткізілген мерекелік шараға қатысып, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» атты кітап көрмесін ұсынды. Таныстырылым барысында мекеме ұжымына Қазақстан Республикасының Елбасы мен Конституциясынан сыр шертетін 8 кітап ұсынылды.
Мерекелік шараны құттықтау сөзбен ашқан мекеме басшысы Хасанов З. Х. Барша қазақстандықтарға ел бірлігі мен ынтымақ рух тіледі. Мекеме ұжымы өз алдына Бөрлі ауылдық Мәдениет Үйінде мерекелік концерт ұйымдастырды. Кітапханашы Уварова Т. М. бағдарламаға жиылған көрермендерді – қамқорлыққа алынғандарды еліміздің тарихындағы атаулы күнмен шын ықыласымен құттықтады. Өз сөзінде Татьяна Михайловна: «30 тамыз – ел тарихындағы ерекше күн. 1995 жылы қабылданған Конституция Қазақстан мемлекеттілігінің нығая түсуіне тигізген ықпалы зор болды. Бүгінгі таңда Ата Заң - қазақ елінің құқықтық жүйесінің ең маңызды тірегі, ұйытқысы болды. Конституция негізінде мемлекеттің қарқынды, қалыпты дамуы қалыптасты. Көпұлтты Қазақстанда Ата Заң әр азаматтың ұлтына, тілі мен діліне, дініне, әлеуметтік мәртебесіне, сенім – нанымына қарамастан құқықтық теңдікке кепілдік беретін мызғымас құжат, конституция бойынша халық – биліктің бірегей қайнар болып саналады. Еліміздің басты Заңы уақыт сынынан сүрінбей өтіп, барлық бостандықтардың кепілі болатын Елбасы танылған мемлекет үлгісі тәрізді өзінің өміршеңдігін, нәтижелілігін, қуаттылығын шыңдады. Конституция – бұл болашағымыз бен азаматтық құқығымызды берік сақтайтын біздің Заң, халық Заңы. Сөзсіз, Конституция жолдарында жазылған ұстанымдарды әрі қарай дамыту, өмірге енгізу халық пен әр азаматтың еншісіндегі маңызды іс. Еліміздің гүлдене түсуіне тілектестігімді білдіріп, баршамызға бейбіт тіршілік, денсаулық, бақыт, құт – береке тілеймен!».
|