2016 жылдың 07 сәуірінде Бөрлі ауылдық модельді кітапханасында «Бақытым да, байлығым да – денсаулығым!» атты Денсаулық күні оздырылды. Кітапхана меймандары – Бөрлі ЖОББМ 7 сынып оқушылары мен мұғалімдер Смоленская А.В. аталмыш іс – шара тілдесу – диалог түрінде өткізілді. Кітапханашы Жандосова Т.К. танымдық ақпарат бере отырып, әр тақырып бойынша оқушылардың пікірлері айтылып, тыңдалып отырды. Қатысушыларды етене қызықтырған тақырыптар гимнастика, зиянды әдеттер, гигиена, тамақтану ережелеріне байланысты болды. Кітапханашы Уварова Т.М.балаларға салауатты өмір сүрудің тиімділігі туралы слайдтар топтамасын ұсынып, «Есірткелі заттардан қалай бас тартуға болады?», «Ұзақ ғұмыр кешіп, салауатты өмір сүруді таңдағандарға бірер кеңес», «Шылым шегудің зардабы» сияқты тақырыптық жадынамалар үлестірді. Мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Смоленская А.В. ұйымдастырушылардың өзекті тақырыпқа орай айтылғындарын қолдап, алғысын білдірді.
|