2 қыркүйек күні Бөрлі ауылдық модельді кітапханасында «Біздің Конституция» атты кітапханалық сағат өткізілді. Сабаққа қатысқан жетекші Матвеева В.М.басқаратын 3 сынып оқушылары белсенділік танытты. 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Конституцияның 20 жылдығына орай балаларға танымдық ақпарат ұсынылды. 17 млн.тұрғыны бар Қазақстан – кең байтақ мемлекет. Елдің әр азаматы мемлекеттік рәміздерді білуі шарт. Дүние есігін шыр етіп ашқан әр адам баласы алғашқы сәттен бастап өмір сүруге, денсаулығын сақтауға құқылы. Осынау өмір сүру мүмкіндігін берік қорғайтын – Ата Заң. Бала құқықтары таңбаланған маңызды құжаттардың қатарында БҰҰ Бас Ассамблеясы 1989 жылдың 20 қарашасында қабылдаған «Бала құқықтары туралы Конвенция».
Қазақстан Республикасы Конституциясының кей баптарына тоқталған кітапханашылар балаларға мол түсінік берді. Оқырмандарға ұсынылған сауалдарға мазмұнды жауаптар қайтарылды. Білім алушыларға таудай талап, асқақ арман, отансүйгіштік сезімін берік сақтау тілектерін білдірген аға буын өкілдері барша жиылғандарды атаулы күнмен құттықтады.
|