ГлавнаяРегистрацияВход БУРЛИНСКАЯ CЕЛЬСКАЯ МОДЕЛЬНАЯ БИБЛИОТЕКА Воскресенье, 28.09.2025, 20:40
  Каталог статей Приветствую Вас Гость | RSS

 
 
Главная » Статьи » Мои статьи

"Еңбекке баулу ертеңге дайындау" кездесу

7 қыркүйек  Бөрлі ауылдық модельді кітапханасында  еңбек ардагерлерімен «Еңбекке баулу ертеңге дайындау» атты кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге қатысқан 3 сыныптың 17 оқушысы, топ жетекшісі Матвеева В. М.  кездесуді құттықтау сөзбен ашқан кітапхана меңгерушісі Буянкина И. Г. осы басқосу әр мамандық иелері, еңбек адамдарына арналғандығын айтты.  Кездесуге қатысушылардың  даңқты «еңбек ардагері» деген атағы үлкен еңбекпен, қажырлы әрекетпен келгендігін жеткізген Буянкина И.Г. әр салада 40 жылдан астам уақыт бойы жұмыс жасаған меймандармен таныстырды. Ардагерлер қатарында Наумова Нина Алексеевна – білім беру саласы, Розмерица Нина Ивановна – байланыс саласы, Новикова Александра Афанасьевна – пошташы.

Алғашқы сөзден кейін ортаға шыққан жас оқырмандар Суркова Яна, Каналиева Динара, Лочкарева Вика, Мамотенко Маша, Горевая Лена, Нигметов Рахман, Говорухин М., Морунов С. арнайы кедесуге дайындаған өлең жолдарын оқыды. Ардагерлер тарапынан сөз алған педагогикалық саланың еңбек ардагері Наумова Н. А. барша балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, өз балалық шағы, ағасы жайында естеліктерімен бөлісті. Өмір жолының таңдауы туралы әңгімелеген Наумова Н.А. педагогикалық институттағы студенттік жылдары, 40 жылдан астам уақыт бойы ұстаздық еткен Бөрлі мектебі туралы жылы сөздер айтты.  Жас буынға үлгі ретінде ардагер ұстаз күні бүгінге дейін тың, белсенді өмір дағдыларын ұстанып жүргендігі жайында да ой бөлісті.  Ардагерлер кеңесінің жетекшісі ретінде Нина Алексеевна мектептегі мерекелер, сынып сағаттарының белсенді қатысушысы. Кейін Буянкина И. Г. Бөрлі а\о әкімдігінің жетекшілігімен жарыққа шыққан «Тыл еңбеккерлері туралы» атты альбом таныстырылымын өткізді. Құрметті қонақтарға арналған жылы лебіздер мен ыстық ықылас – тілектер арнайы жайылған берекелі дастарханда жалғасын тапты. 

Категория: Мои статьи | Добавил: ЦБС (16.09.2015)
Просмотров: 326 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
 
 
Категории раздела
Мои статьи [65]

Вход на сайт

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

 

Бөрлі кітапхана © 2025
Бесплатный хостинг uCoz