ГлавнаяРегистрацияВход БУРЛИНСКАЯ CЕЛЬСКАЯ МОДЕЛЬНАЯ БИБЛИОТЕКА Пятница, 17.05.2024, 11:17
  Каталог статей Приветствую Вас Гость | RSS

 
 
Главная » Статьи » Мои статьи

"Ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен" кітап көрме премьерасы

12 қаңтар күні Бөрлі ауылдық Мәдениет үйінде кітапханашылардың ұйымдастыруымен Сырым Датұлының 275 жылдық мерейтойына орай «Ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеге 6 адам қатысты. Алғашқы сөзді Бөрлі ауылдық модельді кітапханасының меңгерушісі Буянкина И.Г. сөйледі. Ол Сырым Датұлының жасаған іс-әрекеттері туралы баяндап берді. Сырым Датұлының мерейтойына ұйымдастырылған көрмені кітапханашы Уварова Т.М. таныстырды. Көрме 8 кітаптан және де «Батыр Сырым Датов» атты жинақ папкасынан тұрды. Мәдениет үйінің қызметкерлері көрме бойынша сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Сырым Датұлы туралы «Тұлға: Личность», «Мектеп кітапханасы», «Менің Қазақстаным» атты кітаптар кітапханада сақталған. Мәдениет үйінің саз жетекшісі Суханова Виктория Қадыр Мырза Әлидің «Таңдамалы туындыларының көптомдығы» атты кітабынан «Сырым Датұлы» өлеңін мәнерлеп оқып берді.

Категория: Мои статьи | Добавил: ЦБС (06.04.2017)
Просмотров: 290 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
 
 
Категории раздела
Мои статьи [65]

Вход на сайт

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

 

Бөрлі кітапхана © 2024
Бесплатный хостинг uCoz