ГлавнаяРегистрацияВход БУРЛИНСКАЯ CЕЛЬСКАЯ МОДЕЛЬНАЯ БИБЛИОТЕКА Понедельник, 29.09.2025, 15:26
  Каталог статей Приветствую Вас Гость | RSS

 
 
Главная » Статьи » Мои статьи

"Күндер тізбегін парақтар отырып" сұрақ-жауап кеші

          2016 жылдың 26 мамырында Бөрлі ауылдық модельді кітапханасы Пугачев ауылдық модельді кітапханасымен бірлесе отырып, Олжас Сүлейменовтың 80 жылдық мерейтойына орайластырылған «Күндер тізбегін парақтай отырып» тақырыбындағы сұрақ – жауап кешін ұйымдастырды. Кешке қатысқан Бөрлі колледжінің І курс білім алушылары және жетекші оқытушы Зулкашева С.Т., Пугачев ЖОББМ 9 сынып оқушылары, жетекші мұғалімі Акбулатова Г.А., Пугачев кітапханасының меңгерушісі Львова Н.В. он – лайн желісі арқылы Пугачев кітапханасынан табылатын О.Сүлейменовтың кітаптарымен таныстырды. Кешті жалғастырған Буянкина И.Г. қатысушы оқырмандарға талдауға арналған келесі сауалдарды ұсынды:

  • О.Сүлейменовтың тұңғыш кітаптары мен олардың жарыққа шыққан жылдары.
  • Олжас ақынның әдеби дарындылығы, өз ойыңызша, неде?
  • О.Сүлейменовтың сценарийі бойынша түсірілген кинофильмдер.
  • «Слово о полку Игореве\ Игорь полкі туралы сөз» шығармасын О.Сұлейменов шын мәнінде қалай бағалады?
  • 1986 жылы құрылған антиядролы қозғалыс жетекшісі кім, оның атауы.
  • Ақын заман әлде тарих үшін қызмет ете ме?

Мазмұнды шара екуі жақты талдау – пікір алмасумен жалғасты. Бөрлі колледжінің оқушылары Рудницкая Т., Ковалева В., Козенцова Т., Тылик Н. және пугачевтіктер Гусмангалиев Д., Секенова А.өз ойларын ортаға салды.

Әдеби шараны әрлендіре түскен О.Сүлейменов шығармашылығына арналған слайд көрсетілімін дайындап таныстарған кітапханашы Уварова Т.М. Шараға қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Категория: Мои статьи | Добавил: ЦБС (22.06.2016)
Просмотров: 352 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
 
 
Категории раздела
Мои статьи [65]

Вход на сайт

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

 

Бөрлі кітапхана © 2025
Бесплатный хостинг uCoz