2016 жылдың 09 сәуірінде Бөрлі ауылдық модельді кітапханасында балалар мен жасөспірімдер кітабының апталығы аясында «Кітап ханым» атты байқау өткізілді. Бұл сайысқа қатысқан 3 «А» сыныбының қыздары Суркова Яна, Мамотенко Мария, Каналиева Динара, Соловых Татьяна өз өнерлерін көрсетті. Байқау 3 кезеңнен құралды:
- «Оқырмандар формулярларының байқауы
- Үй тапсырмасы
- Әдеби мейманхана
Қазылар алқасы мүшелерінің ортақ пікірі бойынша қатысушыларға келесі аталымдар бойынша алғыс хаттар мен сыйлық кітаптар тапсырылды:
- «Үздік ойлар туындыгері» - Мамотенко М.
- «Үздік қаламгер» - Суркова Я.
- «Үздік мәтін оқушы» - Соловых Т.
- «Үздік кітапқұмар жан» - Каналиева Д.
|