ГлавнаяРегистрацияВход БУРЛИНСКАЯ CЕЛЬСКАЯ МОДЕЛЬНАЯ БИБЛИОТЕКА Пятница, 17.05.2024, 13:17
  Каталог статей Приветствую Вас Гость | RSS

 
 
Главная » Статьи » Мои статьи

"Поэзия әлемінің ұлы Қадыры" атты Қадыр оқулары

      18 ақпан күні Бөрлі ауылының Мәдениет үйінде «Поэзия әлемінің ұлы Қадыры» атты Қадыр оқулары ұйымдастырылды. Шараға Бөрлі қазақ мектебінің 4 - сынып оқушылары қатысты. Қадыр оқуларын кіріспе сөзбен Мәдениет үйінің саз жетекшісі Сатыбалдиев М.К. ашты. Сатыбалдиев М.К оқушыларды жерлесіміз Батыс Қазақстан облысының ақыны Қадыр атамыздың өмірбаянымен, шығармашылық жолымен таныстырды. Жоспарға сәйкес кітапханашы Т.М.Уварова «Өлеңге – мырза, өмірге - ырза» , атты көрме-экспозициясымен қатысушыларды таныстырды. Сонымен қатар, Уварова Т.М. кітапханадағы ақынның балаларға арнап жазылған кітаптарын атап өтті.

         Қадыр Қарақат, Талап Қайсар, Қалымгерей Мөлдір, Хамит Айару, Бақытжан Мадияр ақынның өлеңдерін, әңгімелерін, оқып шықты. Атап өтсек, «Құлақ не үшін керек?», «Көлеңке», «Айна мен әйнек» т.б. өлеңдері оқылды.Шара Темірхан Дидараның ақынның «Диктант» өлеңін мәнерлеп оқуымен аяқталды.

Категория: Мои статьи | Добавил: ЦБС (06.04.2017)
Просмотров: 302 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
 
 
Категории раздела
Мои статьи [65]

Вход на сайт

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

 

Бөрлі кітапхана © 2024
Бесплатный хостинг uCoz