26 ақпанда Бөрлі ауылдық модельді кітапханасында ауылда әр салада қызмет ететін оқырман мамандарға арналған төтенше жағдайлардағы өмір қауіпсіздігін сақтау негіздері бағытындағы «Әр азамат білуге және орындауға міндетті» тақырыбындағы әңгімелесу ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңының 24 – ші бабына сәйкес Қазақстан аймағын мекендейтін әр азамат «Баршаның назарына!» дабылы бойынша орындалатын іс – әрекеттін ретін, жүйесін білуге міндетті. Тыңдаушыларға арнап кітапхана қызметкерлері АӘД, азаматтық қорғаныс, еңбек қауіпсіздігінің техникасы т.б.тақырыптағы кітаптар топтамасын ұсынды. Сонымен қатар, оқырмандар назарына төтенше жағдайлардағы жергілікті халықтың \тұрғындардың\ іс – әрекет ретінен ақпарат беретін, дабыл қызметтердің байланыс телефондары көрсетілген жадынамалар дайындалды. Аталмыш шара жергілікті тұрғындар арасында өткізіліп, әңгімелесу барысында білімдері мен тәжірибелік дағдылары бекітілді, жадынамалар таратылды.
|