ГлавнаяРегистрацияВход БУРЛИНСКАЯ CЕЛЬСКАЯ МОДЕЛЬНАЯ БИБЛИОТЕКА Пятница, 03.05.2024, 03:39
  Каталог статей Приветствую Вас Гость | RSS

 
 
Главная » Статьи » Мои статьи

"Шығамын тірі болсам, адам болып"

      27 сәуір күні Бөрлі ауылдық модельді кітапханасында «Шығамын тірі болсам, адам болып» атты Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерін мәнерлеп оқу шарасы ұйымдастырылды. Шараға Бөрлі қазақ мектебінің 7 -оқушылары және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қарасаева І.С. қатысты. Алғашқы сөз кітапхана меңгерушісі Буянкина И.Г. берілді. Шараны кітапханашы Тойданова А.М. өткізді. Кітапханашы Тойданова А.М. оқушыларды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірбаянымен таныстырып, ақынға арналған слайд көрсетті. Кітапханашы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша комиссия мүшелерінің шешімімен «Жыл кітабы -2017» таңдауына Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу ұсынылғаны жөнінде айтып өтті.

         Оқушылар Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Атап өтсек: Асар Жансая «Бір адамға», Беисова Гүлсім «Балалық күн», Базарбаева Таңшолпан «Шәкірт ойы», Елюбай Азамат «Оқу», Балкиова Күмісай «Мен тоқтадым», Нұртайқызы Альбина «Неге жасаймын?» атты өлеңдерін мәнерлеп оқып шықты. Қарасаева І.С. шараның соңында өз ойымен бөлісіп, кітапханаға алғысын білдірді. Кітапхана меңгерушісі Буянкина И.Г. шараның соңында оқушыларға , сынып жетекшісі Қарасаева І.С. ризашылығын білдіріп, оқушыларды мақтау қағазымен марапаттады.

Категория: Мои статьи | Добавил: ЦБС (10.05.2017)
Просмотров: 270 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
 
 
Категории раздела
Мои статьи [65]

Вход на сайт

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

 

Бөрлі кітапхана © 2024
Бесплатный хостинг uCoz