ГлавнаяРегистрацияВход БУРЛИНСКАЯ CЕЛЬСКАЯ МОДЕЛЬНАЯ БИБЛИОТЕКА Пятница, 17.05.2024, 15:09
  Каталог статей Приветствую Вас Гость | RSS

 
 
Главная » Статьи » Мои статьи

"Соғыс поэзиясы - қасірет тұңған жырлар"

         22 мамыр күні  Бөрлі ауылдық модельді кітапханасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Соғыс поэзиясы – қасірет тұңған жырлар» атты мәнерлеп оқу байқауы оздырылды. Байқауға қатысқан Бөрлі қазақ, орыс мектептерінің оқушылары, «Жас өлкетанушы» клубі мүшелерімен, орыс мектебінің психологы Павлицкая Т. М., Бөрлі ауылшаруашылық колледжінің орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің оқытушысы Швецова Н.Н., Бөрлі ауылдық ардагерлер Кеңесінің төрайымы  Наумова Н. А. жиналғандарға атаулы шараның сәтті өтуіне тілек білдірді.

         Байқауды құттықтау сөзбен ашқан кітапхана меңгерушісі Буянкина И. Г. соғыс  жылдарындағы әскери жағдай кезінде 1215 ақын мен қаламгер қолдарына суық қару ұстап, жауға қарсы аттанған, солардың 400 – ден астамы Отан үшін отқа түсіп, өмірлерін сарп еткен. Ал тағдырдың таңдауымен аман қалған қаламгерлер, ардагерлер күні бүгінге дейін замандас, әріптес, соғыста құрбан болған қаламдас жолдастары, жауынгерлер туралы сырлы ой шертіп, оқырмандар жүрегіне жол тауып отырады.  Жүректегі жарасы тартылмаған ақындар А.Сурков, К.Симонов, Е. Долматовский, К. Аманжолов, К.Шарипов, М. Габдуллин, А.Гайдар т.б.қаламынан шыққан туындылар соғыста қаза болағнадар алдында тағзым ету іспеттес істер қатарында.

Байқауға қатысушыларға сәттілік, шабыт, жігер тілеген колледж оқытушысы Швецова Н. Н.өз туындыларын оқыды. Надежда Николаевнаның бірнеше жылдардан бері жазылып келе жатқан өлең жолдары жергілікті газеттерде жарияланып отырады. Ақынның айтуынша, өнерде ең алдымен шабыттандыратын – туған өлкеге деген сүйіспеншілік пен өмірге деген құштарлық, халыққа деген адалдық.  

Мазмұны мен жанрларына қарай алуан түрлі шығармаларды ұсынған байқау қатысушылары  Р.Рождественский, В.Высоцкий, М.Джалиль, А. Твардовский  өлеңдерін оқыды. Құрамында Наумова Н.А., Швецова Н.Н., Жандосова Т.К. қазылар алқасы байқау қорытындысы бойынша І орын иегері Арыстангалиева Камила – М.Джалиль «Варварство»; ІІ орын жүлдегерлері   Балписова Камажай – А.Твардовский «Я убит подо Ржевом» және Козинцева Татьяна – В.Высоцкий «Только он не вернулся из боя» дипломдармен марапаттап, құттықтады. Шараны қорытындылап, өз ойын ортаға салған ардагерлер Кеңесінің төрайымы, ардагер ұстаз Наумова Н.А. барша жас өреңдерге таудай талап, асқақ арман, сарқылмас шабыт тіледі.

Категория: Мои статьи | Добавил: ЦБС (16.06.2015)
Просмотров: 338 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
 
 
Категории раздела
Мои статьи [65]

Вход на сайт

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

 

Бөрлі кітапхана © 2024
Бесплатный хостинг uCoz