2016 жылдың 04 мамыр күні Бөрлі ауылдық модельді кітапханасында «Соғыс туралы кітап оқимыз» атты акция өткізілді. Акцияға қатысқан Бөрлі ЖОББМ 4 сынып оқушылары мен жетекшісі Тулегенова Р.С. Акцияға шақырылған мейман – соғыс ардагерінің зайыбы Ланцева Е.В., тыл ардагері Новикова А. Кездесуді алғы сөзбен ашқан кітапхана меңгерушісі Буянкина И.Г. келе жатқан Ұлы мереке Жеңіс Күні туралы айтып, жастарды бейбіт өмір сүруге, батыр бабаларымыздың ерліктерін қадір тұтуға шақырды. Көркем суретті фильмдер мен шығармалардан таныс болған тарихи оқиғалардың қатысушыларының, куәгерлерінің қатары сиреп бара жатыр. Акцияға қатысушы жастар Савичев Д., Едилгалиев Р., Пашкевич Д., Кузьменко Д., Идрышев А., Уварова Н., Лочкарев В., Закарян Р., Складанюк Н., Копейко С., Амандыков И.қаламгер Н.Надеждинаның «Партизан қыз Лара» кітабынан үзінділер оқыды. Осыдан кейін оқушыларға әдеби монтаж ұсынылып, «В землянке», «День Победы» әндері шырқалды. «Ардагерге хат» акциясы аясында түсірілген бейнеролик шараның мәнді қорытындысы болды.
|