ГлавнаяРегистрацияВход БУРЛИНСКАЯ CЕЛЬСКАЯ МОДЕЛЬНАЯ БИБЛИОТЕКА Воскресенье, 28.09.2025, 22:25
  Каталог статей Приветствую Вас Гость | RSS

 
 
Главная » Статьи » Мои статьи

"Құстар - біздің досымыз"

     

2016 жылдың 08 сәуірінде Бөрлі ауылдық модельді кітапханасында «Құстар – біздің досымыз» атты құстар мерекесі өткізілді. Шараға Бөрлі ЖОББМ 3 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Биктасова А.К.қатыстырылды.Мереке басында кітапханашы Уварова Т.М. балаларға жергілікті аймақта кездесетін құстар, олардың өсіп – өну ерекшеліктері әңгімелеп берді. Шараның келесі кезеңі топтық ойынмен жалғасты. Қатысушы балалар екі топқа бөлініп, «Сауысқандар» мен «Қырандар» болып, 6 сатыдан тұратын додада бақ сынасты:

  1. Жаттығу \құс атауларын білу\
  2. Мақал – мәтел сайысы \құстарға байланысты мақал – мәтелдер\
  3. «Тырылдақ сауысқандар» \жаңылтпаштар айту\
  4. Құстар туралы жұмбақтар
  5. «Сенемін – сенбеймін» \құстарға байланысты қызықты жағдайлар\
  6. Аңыз – әңгімелердегі ғажайып құстар жайында не білеміз?

Ойынның қорытындысы бойынша «Сауысқандар» тобы жеңіске жетті. Шараның жалғасы балалардың құстар туралы ән – өлеңдерімен  өрілді. Балаларға арналып кітапханада құстар туралы кітаптар көрсетілімі ұйымдастырылды. Кітапханашы Жандосова Т.К.аталған кітап көрсетілімі бойынша библиографиялық шолу жасады. Шараға қатысушылардың барлығына тәтті дәмдер тататылды. 

Категория: Мои статьи | Добавил: ЦБС (15.04.2016)
Просмотров: 723 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
 
 
Категории раздела
Мои статьи [65]

Вход на сайт

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

 

Бөрлі кітапхана © 2025
Бесплатный хостинг uCoz