ГлавнаяРегистрацияВход БУРЛИНСКАЯ CЕЛЬСКАЯ МОДЕЛЬНАЯ БИБЛИОТЕКА Пятница, 17.05.2024, 14:30
  Каталог статей Приветствую Вас Гость | RSS

 
 
Главная » Статьи » Мои статьи

"Тарих беттеріндегі қазақ хандығының білімі" онлаин конференция

         

15 мамырында Бөрлі және Пугачев  ауылдық модельді кітапханалары бірлесе отырып, «Қазақ хандығына 550 жыл» айдарында он – лайн конференциясын өткізді. Аталмыш шараға қатысқан Бөрлі ауылшаруашылық колледжінің І курс білім алушылары мен тарих пәнінің жоғары санатты оқытушысы Тылик М.Н.,  Пугачев ауыллдық мектеп – балабақша кешенінің 8,9,10 сынып оқушылары мен мектеп кітапханашысы Капашева А. Р., информатика пәнінің мұғалімі Камилов А. Х.

Шараны алғы сөзбен ашқан Бөрлі кітапханасының меңгерушісі  Буянкина И. Г.конференция қатысушыларына  еліміздің тарихындағы атаулы оқиғаның маңызы мен орны туралы айтып өтті. Сөз алған колледж оқытушысы  Тылик М. Н. жастарға Қазақ хандығының құрылуы және даму  тарихы жайлы танымдық әңгіме қозғап, шежіреде есімдері алтын таңба болып басылған оның көсемдері мен билеушілері туралы сыр шертті. Биыл күллі қазақ елі атап өтетін Қазақ хандығының 550 жылдығы – еліміздің егемендігі мен еркіндігінің берік іргетасының нақ көрінісі екенін айтқан Марина Николаевна қызықты деректерді мысалға келтірді.  1917 жылы қазақ қоғамының ұйытқысы бола білген, білімді де білгір азаматтары ұлттық автономия, мемлекет сипатындағы – Алаш Орданы құрып, алайда тоталитарлық жүйе халықтың бастамасын да, оның көшбасшыларын да түбегейлі жоққа шығарып, қуғын – сүргінге ұшыратқаны үлкен ұлттық трагедияға әкеліп соққанын сөз еткен конференция жетекшілері, тарих, әдебиет деректеріне жүгінді. Жошы ханның ұрпақтары – Әбілқайыр Шайбани, оның жақын туыстары  Керей мен Жәнібек сұлтандар, 1847 жылы өмірден озған қазақтың соңғы ханы Кенесары туралы танымдық мәліметтер ұсынған тарихшы – ұстаз оқушыларға тарихтың тұңғиығындағы  деректерге үңіліп, қызығушылық танытуға тілектестігін білдірді.

Қазақ мемлекеттілігінің тарихындағы жаңа кезең 1991 жылдың желтоқсанында бастау алып, Қазақстан Республикасы БҰҰ толыққанды мүшесі, әлем мойындаған егеменді мемлекет ретінде танылды.  Колледж және мектеп білім алушылары Тылик М. Н.отансүйгіштік пен азаматтық рухқа толы танымдық әңгімесін қызыға қабылдап, өз пікірлерін де білдіріп отырды.

Екі жақты әңгімелесу Буянкина И.Г. қазақ тарихының шежіретанушысы  І. Есенберлиннің шығармашылығын таныстырумен жалғасын тапты. Жазушы суретін, «Көшпенділер» романының кітаптарын пайдалана отырып, Ирина Геннадьевна көркем сөзбен, асқан шеберлікпен жазылған қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы туралы үзінділерді оқыды. Бұл кітап «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында 2015 жылы таңдалып, қазақстандықтарға оқуға ұсынылған туынды болып саналады.  

Конференция жұмысы Пугачев ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Авчинникова Ж.ұсынған «Қазақ хандығына 550 жыл» атты  бейнебаянымен жалғасты. Колледж студенттері мен мектеп оқушылары  қызығушылық білдіріп, ұсынылған бейнебаянды тамашалады.

 

Категория: Мои статьи | Добавил: ЦБС (20.05.2015)
Просмотров: 266 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
 
 
Категории раздела
Мои статьи [65]

Вход на сайт

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

 

Бөрлі кітапхана © 2024
Бесплатный хостинг uCoz