ГлавнаяРегистрацияВход БУРЛИНСКАЯ CЕЛЬСКАЯ МОДЕЛЬНАЯ БИБЛИОТЕКА Четверг, 02.05.2024, 17:51
  Каталог статей Приветствую Вас Гость | RSS

 
 
Главная » Статьи » Мои статьи

«Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің»

      Алғашқы сөз кітапхана меңгерушісі Буянкина И.Г. берілді. Ирина Геннадьевна келген қонақтарды қуанышпен қарсы алып, өз сөзін бастады.

     -Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. 25 жылдың ішінде Қазақстан көптеген жетістіктермен, табыстарға жетті. Біз елімізді мақтан тұтамыз.Қазақстан Президентінің жолдауына тоқтап кететін болсақ, жаңа индустриялық технологиялардың дамуы, өнеркәсіптің дамуы, агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы, бизнес орталықтарын кеңейту, қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде айтылады. Қазіргі кезде көптеген жұмыстар жүргізілуде.Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Биыл Астанада «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесі өтеді.Көрмеге біздің ауылымыздан 60-қа жуық көрмені тамашалауға адамдар барады. Соның ішінде көбі студенттер.Болашақ жастардың қолында. Егемендігімізді алғаннан кейін елімізде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама ұйымдастырылды. 2005 жылдан бастап «История Казахстана» 20 томдық кітап араб, қытай, моңғол, түрік, испан, парсы тілдерінде жарыққа шықты. Барлық нөмерлері біздің кітапханамызда бар. Ирина Геннадьевна қатысушыларды «Қазақстан: уақыт жетістіктері» атты көрмемен таныстырды. Қатысушылар сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.Шараның соңында Ирина Геннадьевна қатысушыларға ризашылық білдіріп, өз сөзін аяқтады.

Категория: Мои статьи | Добавил: ЦБС (19.05.2017)
Просмотров: 281 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
 
 
Категории раздела
Мои статьи [65]

Вход на сайт

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

 

Бөрлі кітапхана © 2024
Бесплатный хостинг uCoz