ГлавнаяРегистрацияВход БУРЛИНСКАЯ CЕЛЬСКАЯ МОДЕЛЬНАЯ БИБЛИОТЕКА Вторник, 30.09.2025, 03:22
  Каталог статей Приветствую Вас Гость | RSS

 
 
Главная » Статьи » Мои статьи

"Үздік оқырман отбасы - 2015"

            2 наурыз күні Бөрлі модельді ауылдық кітапханасында "Отбасы - тәрбиенің алтын діңгегі" ұранмен "Үздік оқырман отбасы - 2015" аудандық байқауы өткізілді. Сайысында үш отбасылар қатысты. Олар: Балписовтар отбасы, Мұхановтар отбасы және Ихсангалиевтер отбасы. Байқауды жүргізуші кітапханашы Т. М. Уварова мен В. Суханова шараға жиналған қонақтар мен көрмендерге қош келдіңіз дей отыра, қатысушы отбасыларда таныстырып өтті. Байқау төрт айналымнан тұрды:

1. "Отбасының шежіресі, бәйтерегі" айналымы бойынша қатысушылар отбасының әрбір мүшесін слайд бойынша таныстырды.

2. "Ырыс алды-ынтымақ" айналымы бойынша Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығына орай әр отбасы өзінің сүйіп оқитын әлем халықтарының шығарма желісінен үзінді оқып, ертегісінен көрініс көрсетті.

3. "Өнегелі отбасы құндылығы" айналымы бойынша қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, өз отбасыларының құндылықтары көрсетіліп, қолөнерлері тамашаланды.

4. Эрудит байқауы "Зерделінің ойы ұшқыр" айналымы бойынша отбасылар қазақ хандары, қолөнері, ұлттық тағамдары, ертегілері, батырлар жыры тақырыбындағы сұрақтарға тез және ұтымды жауап бере білді. Ұйымдастырушылар көрмендерге де көңіл бөліп, сұрақ-жауаптар жүргізіп, белсене қатысқан оқушыларға тәттілер үлестірді.

          Жүргізушілер әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтті. Олар:

1. Орталықтандырылған балалар кітапханасының меңгерушісі - Кужабергенова В. С.

2. Кітапхана ісенің дамыту бөлімінің меңгерушісі - Тасымгалиева С. Х.

3. Бөрлі ауылдық модельді кітапханасын кітапханашысы - Жандосова Т. К.

        Музыкалық паузада Мәдениет үйінда музыка жетекшісі Суханова Виктория "Валенки" мен "Туған елім" әндер айтты.

         Әділ-қазылардың шешімі бойынша 1 орынды 60 ұпаймен Балписовтар отбасы және Ихсангалиевтер отбасы, 2 орынды 57 ұпаймен Мұхановтар отбасы иеленді. Байқауға қатысушы отбасылар дипломдармен және құнды сыйлықтармен, сонымен қатар әр отбасына "ақша" ағашы табысталды.

       Байқау қызықты да, өз мәресінде өтті!

Категория: Мои статьи | Добавил: ЦБС (13.03.2015)
Просмотров: 998 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar
 
 
Категории раздела
Мои статьи [65]

Вход на сайт

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

 

Бөрлі кітапхана © 2025
Бесплатный хостинг uCoz