Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай биыл осымен 5 мәрте 15 ақпан күні Бөрлі ауылдық модельді кітапханасында «Үздік оқырман отбасы» байқауы өткізілді. Тартысты додаға түскен Ахметжановтар, Кожановтар, Рублевскийлер, Сералиевтер отбасылары асқан жауапкершілік пен білімдерін танытты. Өз отбасы мен жеті атасы жайында толық баяндап берген Сералиевтер отбасы зияткерлік пен терең біліктіліктерін де көрсете білді. Рублевскийлер отбасы қызықты ертегінің қойылымын ұсынса, Ахметжановтар әулеті баршаны тартымды музыкалық номерлерімен тәнті етті. Қожановтар жанұясы аталмыш сайыста кітап оқитындарын танытты. Барлық қатысушы отбасыларға дипломдар мен сыйлар тарту етілді. Әділ қазылар алқасы өз шешімдерін дайындау барысында кітапханада жиылған барша оқырмандар мен меймандарға Танатарова Ділназ «Анашым» әнін арнап орындады. «Арман» балабақшасының психологы Мукашева А.З. оқырмандар арасында «Тілектің орындалуы мен жағымды сөз \комплимент\ айту» атты тренинг өткізді. Мәнді де сәнді осы шара барша жиылғандардың көңілінен шығып, ризашылықтарын туғызды.
|