2015 жылдың 27 қазан күні Бөрлі ауылдық модельді кітапханасында Жұбан Молдағалиевтің 95 жылдығына арналған «Жырымен жас ұрпақты тербеткен» атты әдеби – поэзиялық сағаты өткізілді. Атаулы шараға Бөрлі ЖООБМ 5 – ші сыныптың 12 оқушысы мен қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі М.С.Кабиев қатысты.
Іс – шараны кіріспе сөзімен ашқан кітапхана меңгерушісі И.Г.Буянкина: «Әр адамның мерейтойын атап өту – жүректі тебірентер, толғанысқа толы оқиға екені рас. Ал КСРО, Абай атындағы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлықтарының иегері атағын иеленген танымал да, көрнекті ақын Жұбан Молдағалиевтың мерейтойын тойлау – ерекше оқиға. Ақынның шығармашылық ғұмыры оңай болған жоқ, тар жол тайғақ кешу. Неміс халқының ұлы ақыны Иоганн Гете өз кезінде ақынды танып – білгің келсе – оның еліне бар дегенекен» -, деп ой білдірді.Әдеби сағатты жалғастырған кітапханашы Т.К.Жандосова «Жырлары жүрегінен орын тепкен» атты кітап көрмесі бойынша библиографиялық шолумен оқырмандарды таныстырды. Кешті әрі қарай дамытқан қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі М.С.Кабиев жиылған балаларға даңқты жерлес ақынның ғұмыры мен шығармашылығы жайлы әңгімеледі. Әдеби сағат қатысушылары А.Бабенко, Т.Ковтун, А.Мсрян, А.Хасан ақын Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасынан үзінділер оқыды. Шара барысында ортаға салынған ойлар мен тарихи деректер слайд көрсетілімімен әрленіп отырды. Әдеби – поэзиялық сағат қорытындысында кітапхана меңгерушісі И.Г.Буянкина қатысушыларға мақтау қағаздарын тапсырып, мектеп мұғалімі М.С.Кабиевті алғыс хатпен марапаттады.
|